Ауа райы
1 мин оқу 1,470

Бұршақ, аптап ыстық, тұман. Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет бірқатар облыста дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

26 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

26 маусымда Қостанай облысында найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Кей жерлерде өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі күтіледі.

26-28 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында да өте жоғары өрт қаупі болжануда.

26 маусымда Ақтөбе облысының солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғып, найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Сондай-ақ 38 градусқа қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Бөлісу:
Бұршақ, аптап ыстық, тұман. Бірнеше өңірде ескерту жарияланды · Egemen Qazaqstan