А.Балаева БАҚ жетекшілерімен кездесті

Бүгін Алматыда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БАҚ басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға республикалық телеарналардың, жетекші баспа басылымдарының және ірі интернет-ресурстардың басшылары қатысты.
Министр қатысушыларды алдағы кәсіби мерекемен құттықтап, биылғы жылы БАҚ қызметкерлері күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі бұл датаға ерекше идеологиялық мән беретінін атап өтті.
«Журналистиканың қоғамдық маңызы зор - сіздер әлеуметтік, діни, ұлтаралық, құқықтық салаларда түсіндіру жұмыстарын жүргізесіздер, халықтың сауаттылығын арттырып, қазақстандықтарды өз мүдделерін, преференцияларын сақтауға және қайырымдылыққа тартасыздар. Көптеген журналистер волонтерлермен, экология қорғаушыларымен тығыз жұмыс істейді, қоғамдық бақылау топтарына кіреді, түрлі салаларда медиациямен айналысады.
Сіздердің еңбектеріңіз мемлекеттік органдарды келеңсіз үрдістерге назар аударуға және қателерді түзетуге көмектеседі», деді А.Балаева.
Қатысушылар кездесу барысында сындарлы пікір алмасып, ақпараттық технологиялардың дамуы жағдайында БАҚ трансформациясымен отандық журналистиканың болашағына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.