Коронавирус
2 мин оқу 566

Ж.Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің коронавирус инфекциясының таралуына қарсы карантин шектеуін күшейту туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ж.Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Мейрамхана, кафе және кофехана түріндегі қоғамдық тамақтану объектілері үй-жайдың ішінде жұмыс күндері 7.00 ден 20.00 дейін толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі жұмысына тыйым салынады, тек қана алып шығу және жеткізуге рұқсат беріледі;

Жазғы алаңдар, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07.00 ден 22.00 дейін жұмыс істеуіне рұқсат;

Сән орталықтары мен салондары, шаштараз, косметология қызметін көрсететін маникюр мен педикюр қызметтері алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетуіне рұқсат;

Сауналар, СПА орталықтары, бассейндер, спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары және йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-орталықтары сенбі, жексенбі күні жұмыс істемейді;

ХҚКО сағат 9.00 ден 18.00-ге дейінгі уақыт бойынша шектеумен, қонақ үйлер, санаторий-курорт ұйымдары, демалыс үйлері/туристтік базалар және т. б. толтырылуы 80%-дан аспайтын кезде рұқсат;

Банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері 9.00 ден 18.00-ге дейін уақыт бойынша шектеумен жұмыс істейді;

Сонымен қатар:

– Сауда үйлері, сауда желілері вакцинация пунктінің бар-жоғына қарамастан жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін (сенбі, жексенбі күндері тыйым салынады);

– Үй-жайдағы ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар (той, мерей-той, ас беруді өткізу) тыйым салынады;

– Түнгі және ойын клубтарының жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

– Ashyq жобасына қатыспайтын нысанда көрермендері бар спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

– Ashyq жобасына қатыспайтын мәдени объектілердің, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың қызметіне рұқсат жоқ:

Қаулы 28 маусымда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

Бөлісу: