Тәуелсіздік
1 мин оқу 562

«Үмітте» топ жарған үздіктер

<p style="text-align: justify;">Ел газеті &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; өзінің жылдағы дәстүрі бойынша жас журналистерге арналған &laquo;Үміт&raquo; конкурсын жариялаған болатын. &laquo;Тәуелсіздік &ndash; тұғырым&raquo; деген тақырыпқа арналған бас басылым бәйгесінің биылғы жеңімпазы &laquo;Атырау-ақпарат&raquo; ЖШС-на қарасты &laquo;Жаңа медиа&raquo; бөлімінің басшысы, жас журналист Нұргүл Ысмағұлова болды.</p>

«Үмітте» топ жарған үздіктер

Комиссия мүшелері тә­уел­сіздік құрдасының атынан баяндалған, өмір шын­дығымен өрілген, оқыр­ман­ды бірден баурап ала­ды деп бағалаған эссе жанрын­дағы «Кішкентай ауылдағы үлкен оқиға» деген материалды бір­ауыздан бірінші жүлдеге лайық деп таныды.
Ал екінші орынды «Тірі теңізбен тілдесу» деген материалымен қатысқан «Сыр бойы» газетінің тілшісі, қы­зыл­­ордалық Ержан Қо­жасовқа бе­руге ше­шім қа­былдады.
Өкінішке қарай комиссия мүшелері үшінші орынға еш­қандай шығарма лайық емес деп шешті.
Еліміздегі пандемиялық ахуал­ға байланысты жүл­де­гер­лерді марапаттау рәсімі өтпейді.
Жеңімпаздардың сый-сия­паты жеке шоттарына аударылады.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
«Үмітте» топ жарған үздіктер · Egemen Qazaqstan