Жарнама
 
Коронавирус
1 мин оқу 320

Алматыда коронавирус жұқтырған 49 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

<p style="text-align: justify;">Алматыда коронавирус жұқтырған 660 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«28 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 216 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 93, симптомсыз – 33 науқас тіркелді. Барлық емделіп шығарылғандар – 121, келіп түскені – 91.

Инфекциялық стационарларда 660 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 36 бала емделуде», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 49 адам жатыр. Ал 12 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 23 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 15 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1249 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1050 науқас. 199 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Бөлісу:
Алматыда коронавирус жұқтырған 49 науқас жансақтау бөлімінде жатыр · Egemen Qazaqstan