Тәуелсіздік
2 мин оқу 291

Жасотандықтардың игі істері жалғасты

<p style="text-align: justify;">Жасотандықтар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған &laquo;30 игі іс&raquo; республикалық акциясына белсенді атсалысу үстінде. Өткен аптаның соңындағы жаздың жаймашуақ күнінде олар қоршаған ортаны қорғау мақсатымен жаппай республикалық экологиялық акция ұйымдастырды.</p>

Жасотандықтардың игі істері жалғасты

Елордадан бастау алған акция, еліміздің облыс, аудан орталық­тарында да өтті. Оған қатысушылар көшелерді, арықтарды, қоқыс орындарын тазалауға көмектесті. Бәрі де әлеуметтік қашықтықты және меди­циналық маска тағу режімін қатаң сақтады.
Мысалы, Ақмола облыстық Jas Otan ЖҚ филиалы Көкшетау қала­сының орталық саябағында акция ұйым­дастырса, Алматы жастары қала­ның ағаштарымен жасыл желек­терін күтiп ұстау мен қорғауға атсалысты.
Jas Otan ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, әрбір эко­логиялық акция тәрбиелік сипат­қа ие. Ол қоршаған ортаға деген сүйіс­пеншілікті күшейтіп, экологияны қорғаудың өзекті мәселелеріне назар аудартады.
«Экологиялық акция өзінің ті­ке­лей міндетінен басқа, тағы бір маңыз­ды функцияны орындайды. Ол аза­маттық ұстанымы биік тұлғаларды «Бұл – менің қалам. Мен оны таза және жасыл етемін!» идеясымен бірік­тіреді. Бұл іске жастардың көптеп келуі және қаламыздың келбетін жақ­сартуға өз үлестерін қосқаны мені қат­ты қуантады. Өйткені «30 игі іс» акция­сы адамдар мен қоғам үшін ар­налған нақты іс-шараларға, мейі­рім мен жақсылықты арқау еткен акция­лар­ға негізделген», деді Нұржан Жетпісбаев.
Өз кезегінде Biz Birgemiz қозға­лысының волонтері Руслан Бахтия­ров әрбір акция қаланы көркей­туге және еріктілер қозға­лысына өз үлесін қосуға үлкен мүмкіндік бере­тінін атап өтті.
«Мен мұндай акцияға бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Ма­мыр айын­да біз Екінші дүниежүзілік соғысы батырларының құрметіне ашылған саябақтарды, аулаларды және ескерт­кіштерді тазарттық. Бүгін біз елор­дамыздың шалғай аудандары мен көшелерін тазаладық. Атал­ған сәтті пайдалана отырып, жас­тар­ды табиғатқа ұқыпты қарауға шақы­рамын», деді ол.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнал­ған «30 игі іс» акциясы шеңбе­ріндегі іс-шаралар әрі қарай жалғасып, келесі айларда мынадай тақырыптарға арна­лады: шілде – Baqytty otbasy, тамыз – Damý, қыркүйек – Bіlіm, қазан – Ómіr syıla, қараша – Sana, желтоқсан – Egemendіlіk.

Бөлісу: