Тәуелсіздік
1 мин оқу 615

Қылқалам шеберлері қара үзді

<p style="text-align: justify;">Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен &laquo;Мәдениет порталы&raquo; ақпараттық агенттігінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан &laquo;Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет&raquo; атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауының І кезеңіндегі жеңімпаздары анықталды.</p>

Қылқалам шеберлері қара үзді

Екі айға созылған додаға 101 суретшінің 300-ден астам картинасы келіп түсті. Солардың ішінде 8 суретші үздіктер қатарынан табылды. Олар: Аршын Қабылбек («Шахтер»), Өмірзақ Рыстан («Ұрпақ қорғаны»), Толқын Та­бысбек («Көсем»), Дәуренбек Бекназар («Көкейкесті»), Ра­хат Са­паралинова («Тас тынысы»), Аманат Назарқұл («Ұлы дала кардиограммасы»), Серік­жан Ыс­қақбек («Қоянды жәрмең­кесі»), Құмар Омархан («Ақселеу Сей­дімбек»).
Айта кетейік, жеңімпаздардың 8 суреті бойынша байқаудың ІІ кезеңі жалғасады. Енді ақындар жеңімпаз атанған суретшілер салған үздік 8 суреттің біреуін таң­дап, сол сурет туралы бір поэ­зия­лық шығармасын (өлеңін) жолдау арқылы қатыса алады. Байқаудың ақындарға арналған 2-кезеңі 26 маусым мен 26 шілде аралығында өтеді.
Жеңімпаз Ақын мен Суретші шығармаларынан арнайы үш тілде (қазақ, орыс және ағыл­шын) альбом дайындалады. Альбом сапалы, түрлі-түсті сурет­тер­мен безендіріліп, арнайы тү­сірілген бейнероликтерге сіл­теме берілген QR-кодтармен жарық көреді.
Негізгі шарт бойынша поэ­зия мен суретте үндескен дуэт-үміт­керлер «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» қорытынды мәдени ке­­шіне шақыртылады.

Бөлісу:
Қылқалам шеберлері қара үзді · Egemen Qazaqstan