Аймақтар
1 мин оқу 784

ШҚО-да еңбегі сіңген қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Түзеу мекемесінде көп жылдар еңбек еткен қызметкерлердің бірі зейнетке шығарылып, енді бірі төс белгімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да еңбегі сіңген қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Өскемендегі ОВ-156/1 уақытша ұстау изоляторының ұжымы салтанатты түрде көп жылдар қызмет еткен Қуаныш Құрманғалиевке құрмет көрсетіп, зейнеткерлікке шығарып салды, ал бақылаушы Қуат Қуандықұлына Ішкі істер министрінің атынан төсбелгі табысталды.

Алғыс пен құрметке бөленген екі қызметкердің де еңбегі елеулі. Құқық қорғау саласында жұмыс істеу, оның ішінде түзеу мекемелерінде қызмет атқару ерекше шыдамдылықты қажет етеді, – деді Қуаныш Құрманғалиев.

Қуаныштың ендігі арманы – шағын жеке кәсіп ашып, соны дөңгелету.

Ал еңбегі еленіп, басшылықтың көзіне түскен катонқарағайлық Қуат Қуандықұлы қызметін аэроұтқыр әскерінде бастаған. Бүгінде ол уақытша ұстау изоляторында бақылаушы. Өз ісіне адал, әрі қырағылық танытқаны үшін еңбегі еленіп, төс белгісімен марапатталды.

Бөлісу: