Оқиға
1 мин оқу 191
Оралда су құбыры жарылды
<p style="text-align: justify;">Орал қаласында құбыр жарылып, салдарынан 350-ге жуық абонент сусыз қалды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Батыс су арнасы» ЖШС мәлім еткеніндей, 30 маусым күні сағат 20:00-де Ш.Айталиев пен Алматы көшелерінің қиылысында су құбыры жарылған. Құдықтар мен жеке тұрғын үйлердің аулаларында су сору жұмыстары жүргізілді.
«Қазіргі таңда 350-ге жуық абонент сусыз қалып отыр. Тұрғындарға су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Шамамен 1 шілде күні сағат 22:00-ге дейін жүргізілетін өндеу жұмыстарына апаттық техника, экскаватор, вакуумдық машина, МТЗ-82 базасында сорғы тартылған», деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Бөлісу:
