Саясат
1 мин оқу 192

Мемлекет басшысының маңызды бастамасы

<p style="text-align: justify;">Бейнеконференция форматында ҰҚШҰ Пар&shy;ла&shy;менттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бітімгершілік мәселелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысының арнайы өкілі институтын құру туралы бастамасы талқыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.</p>

Мемлекет басшысының маңызды бастамасы

Отырыста сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Қазақстан жаһандық және аймақтық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу үшін халықаралық өзара іс-қимылды одан әрі те­рең­детуге және нығайтуға ниет­ті. Себебі қазіргі уақытта аймақ­тық қауіпсіздік тақы­ры­бының өзектілігі бұрын­ғыдан да арта түсті. 

Мәжіліс Спикері ҰҚШҰ ұйымының бітімгершілік әлеуетін дамытудың маңыз­ды­лығына баса назар аударды. Осы ретте, Қазақстан Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бітімгершілік мәселелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысының арнайы өкілі институтын құру туралы бастамасын жүзеге асыру Ұйымның БҰҰ тиісті құрылымдарымен өзара іс-қимыл мүмкіндігін кеңей­те­тіндігін алға тарта келе, Нұрлан Нығматулин бұл институт осы саладағы өзекті мәселелерді жаңа сапа­лық деңгейде шешуге, со­нымен бірге БҰҰ бітім­гер­­шілік әлеуетін артты­руға жол ашатынына сенім біл­дірді.  

Отырыста сондай-ақ Тәжікстанның 2021 жылы ҰҚШҰ төрағалығы, ҰҚШҰ ая­сында қол жеткізілген ҰҚШҰ әріптестік мәр­те­бе­­сіне, Қазақстанда, Арме­ния­да, Қырғызстанда өт­кен сайлауларда ҰҚШҮ ПА атынан қатысқан халық­­аралық байқаушылар тобы жұмыстарының қоры­тын­­­дысына қатысты халық­­­аралық келісімдер төңі­регінде әңгіме өрбіді.

ҰҚШҰ ПА Кеңесі Ассам­блея қызметін ұйым­дас­ты­­рады, оның құрамында Қа­зақ­­стан, Армения, Бе­ла­русь, Қырғызстан, Ресей және Тә­жікстан елдері Пар­ла­менттерінің басшылары бар.

Бөлісу: