ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров кеше Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің бейне-конференция байланысы түріндегі отырысына қатысты, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.</p>

Отырыс барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің желтоқсан сессиясының қорытындылары, ұйымның жауапкерлік аймағындағы жағдай және халықаралық шарттарды ратификациялау барысы талқыланды.
Депутаттар сондай-ақ ҰҚШҰ жауапкершілік аймағында экстремизм мен терроризмнің таралу қаупіне қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ ұйымға қатысушы елдерде осы жылы өткен парламенттік және президенттік сайлауға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан барған халықаралық байқаушылардың жұмыс нәтижелерін қарады.
