Ел және Елбасы
1 мин оқу 490

«Ел және Елбасы» жинағы жарық көрді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; кітапханасы&raquo; сериясымен &laquo;Ел және Елбасы&raquo; жинағы жарық көрді. Кітапта кейінгі екі жылда &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газетінде жарияланған еліміздің Тұңғыш Президенті &ndash; Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет қалыптастырушы ретіндегі тұлғалық, қайраткерлік қырларын кеңінен ашып көрсететін, тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін мақалалар мен естеліктер топтастырылған.</p>

«Ел және Елбасы» жинағы жарық көрді

Мақала авторлары – Елба­сының тәуелсіз мемлекеттің іргесін қалып­тастыруға атса­лысқан үзеңгілестері, мемлекет және қоғам қайраткерлері. Сон­дай-ақ авторлар арасында шет­елдік мемлекет және қоғам қайраткерлері, журналис­тер мен сарапшылар да бар. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жинаққа жазған алғысөзінде еліміздің отыз жылдағы жетістіктеріне тоқталып, оның бәрі «жас қа­зақ мемлекетінің архитекторы, Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбе­гінің, жаһандық ауқымдағы қайраткерлік қызметінің мәуелі жемісі» екенін атап өтті.
«Ең бастысы – осы кітап арқылы елдік мұрат жолында бүкіл қызметтік ғұмырын арнап, қаншама ғасыр тарихқа есесі кет­кен бодан елден әлемге аты танылған азат ел, мықты мемлекет жасаған Тұңғыш Президентіміз жайлы адамгершілік пен ақиқатқа құрылған жылы естеліктер жи­нағын ұрпақтар жадына аманат ету», деді министр.
Кітап «Азаттық архитекторы», «Елдіктің еңсесін тіктеген», «Ел­басы және елорда», «Сарабдал саясаткер» атты төрт бөлімнен тұрады.

Бөлісу:
«Ел және Елбасы» жинағы жарық көрді · Egemen Qazaqstan