Эфиопияда қазақ мәдениеті мен шығармашылық кеші өтті
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев, Ыбырай Алтынсарин, Дина Нұрпейісованың мерейтойына орайластырылған қазақ мәдениеті мен шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Іс-шараға Аддис-Абебада тұратын қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ ҚР Елшілігінің ұжымы қатысты.
Мәдениет кеші өскелең ұрпақтың қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, ұлы тарихи тұлғалар және олардың қазақ мәдениетін, атап айтқанда әдебиет, поэзия және халық музыкасын дамытуға қосқан зор үлесі туралы білімдерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара барысында Жамбыл Жабаев, Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаевтың, сондай-ақ қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған басқа да көрнекті тұлғалардың әдеби және музыкалық шығармалары орындалды.
Мәдени кеш қонақтарына елшілікте Қазақстанның елордасы – Нұр-Сұлтан қаласына арналған, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің даму қарқынын суреттейтін фотокөрме ұсынылды.
