ДДСҰ коронавирустың өлім қаупін төмендететін препаратты атады
<p style="text-align: justify;">Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырға науқастарға күтім жасау бойынша ұсыныстар жаңартылғанын хабарлады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ұйым ауыр жағдайдағы науқастардың өмірін сақтайтын интерлейкин-6 рецепторлары блокаторларын тізімге енгізді. Бұл былтыр қыркүйекте ДДСҰ кортикостероидтарды қолдануды ұсынғаннан бері коронавирусқа қарсы алғашқы тиімді ұсыныс саналатын интерлейкин-6 рецепторларының блокаторлары екендігі аталды.
Ауыр немесе аса ауыр жағдайдағы COVID-19 жұқытрған науқастар көбінесе иммундық жүйенің шамадан тыс реакциясынан зардап шегетіні белгілі. Интерлейкин-6-ны бұғаттайтын препараттар - тоцилизумаб және сарилумаб осы шамадан тыс реакцияны басады.
ДДҰ бастаған дәрі-дәрмектердің талдауы – дәрі-дәрмектерді қабылдау өлім ықтималдығын стандартты еммен салыстырғанда 13 пайызға төмендеткенін анықтады. Механикалық желдетудің ықтималдығы 28 пайызға төмендейді.
«Бұл дәрі-дәрмектер COVID-19 салдарынан зардап шегетін науқастар мен отбасыларға үміт береді. Бірақ интерлейкин-6 рецепторларының блокаторлары әлемнің көп елінде қол жетімсіз. Біз мұны шұғыл түрде өзгертуіміз керек», деді ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.
