Оқиға
1 мин оқу 232

Джебел-Али портында кеме жарылды

<p style="text-align: justify;">Дубайдағы Джебел-Али портына бекітілген кеменің контейнерінде жарылыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> БАӘ-нің ресми WAM ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Жарылыстан кейін кемеде өртенген. Оқиға орнында азаматтық қорғаныс күштері жұмыс істеп жатыр. Оқиға салдарынан адам шығыны болған жоқ. Жарылыс пен өрттің суреттері әлеуметтік желілерде жарияланды. Соңғы хабарларға сәйкес, өрт сөндірушілер өртті оқшаулауға үлгерді.

Айта кетейік, Джебел-Али порты - Дубайдың орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан БАӘ-дегі ең маңызды порттардың бірі.

Бөлісу:
Джебел-Али портында кеме жарылды · Egemen Qazaqstan