Қазақстан
1 мин оқу 470
Биыл 480 ауыл жаңғыртылады
<p style="text-align: justify;">2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Ауылдық жерлерде тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады. 106 млрд теңгеге 1 140 жоба іске асырылады», деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Асқар Маминнің атап өтуінше, жобалардың басым бөлігі Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жоспарланып отыр.
Бөлісу:
