Меморган қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 30 пайызға өсіп отырады
<p style="text-align: justify;">Орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін жалақы 2024 жылға дейін жыл сайын 30 пайызға көтеріліп отырады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«82 мың мемлекеттік қызметшінің айлығы көтерілетін болады. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері үшін жалақы 1,9 есеге көтеріледі. 2020 жылдың 1 қаңтарына бастап орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін жалақы 2024 жылға дейін жыл сайын 30 пайызға көтеріліп отырады», деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысының айтуынша, педагогтердің орташа жалақысы 253 мың теңгеге дейін, дәрігерлердің жалақысы 320 мың теңгеге дейін, әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 180 мың теңгеге дейін, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 267мың теңгеге дейін артады.


