Қоғам
1 мин оқу 830

Қысқа мерзімді онлайн курстар

<p style="text-align: justify;">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен &laquo;Еңбек ресурстарын дамыту орталығы&raquo; АҚ skills.enbek.kz қысқа мерзімді онлайн курстарға оқыту порталын іске қосты. Қазірдің өзінде онлайн курстардың 70 авторы мен әзірлеушісі мүдделі азаматтар үшін өздерінің оқыту бағдарламаларын ұсынуға дайын.</p>

Қысқа мерзімді онлайн курстар

Портал маркетплейс (қыз­меттер нарығы) қағи­да­ты бо­йынша онлайн курс­тарға қол­жетімділікті ұсына­тын ха­лық­аралық оқыту алаң­дарының қ­азақстандық баламасы саналады. Ресурс жалпы ел халқының білім деңгейі мен кәсібилігін арт­тыру, мансаптық дамуын ын­таландыру және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгері­лету мақсатында құрылды.

Іске қосу кезінде қазақстан­дық авторлар мен әзір­леушілер аспаздық және кули­на­рия­лық іс, косметикалық, заң­герлік және бухгалтерлік қызметтер, құ­рылыс, қонақүй және мейрамхана ісі, іс жүргізу, IT, SMM салалары бойынша курстар ұсынады.

Кез келген азамат https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz Электронды еңбек биржасында «Онлайн оқытуды» таңдау арқылы талап етілетін біліктілікке оқытуға немесе біліктілікті арттыру курстарына қол жеткізе алады.

Курстардың авторлары мен әзірлеушілері – қазақстандық заңды тұлғалар мен жеке кәсіп­керлер, соның ішінде оқу орта­лықтары, білім беру ұйымдары. Олар қазірдің өзін­де курстарды орналастыру үшін тегін алаң ұсынуда, он­лайн оқытуды дамытуға жәр­демдесуде, қосым­ша кі­ріс кө­зін алуда порталдың артық­шы­лықтарын көріп отыр.

Жаңа бастаған авторлар мен әзірлеушілер үшін порталда онлайн курстарды құру бойынша әдістемелік ұсынымдар және оларға қойылатын талаптар әзірленді және орналастырылды.

Skills.enbek.kz порталында тіркелу мен жұмыс істеудің бар­лық мәселелері бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысу қажет.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу: