Әлемнің үш елінде «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйі ашылады

Нұр-Сұлтанда «Шетелде тұратын қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту туралы» тақырыбында брифинг өтті. Іс-шараға «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Брифинг барысында М.Сарбасов шетелде тұратын отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған жобалартуралы және ҚР АҚДМ мен ҚР СІМ қолдауымен іске қосылған «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйлеріндамыту жобасы сәтті жүзеге асырылыпжатқандығы жөнінде айтып берді.
«Қазіргі таңда «Abai Uii» 5 мемлекетте ресми түрде ашылып, жұмыс істеп жатыр. Енді 2021 жылдың екінші жарты жылдығында «Abai Uii» әлемнің тағы үш елінде, атап айтқанда Моңғолия, Ресей және Қырғызстанда ашу жоспарланған. Осы орайда Қоғам шетелдегі қандастарды қолдау шараларын барлық этникалық қазақтарға қатысты жүзеге асырып келеді. Қазір әлемде 250-ге жуық қазақ мәдени орталықтары бар. Бүгінде «Отандастар қоры» КЕАҚ мәдени-гуманитарлық шаралар ұйымдастыру мақсатында 71 қазақ мәдени орталығымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды», деді М.Сарбасов.