Түзеу мекемелеріне 33 мың камера орнатылады
<p style="text-align: justify;">Қазақстандағы колонияларға 3,7 миллиард теңгеге 33 мың камера орнатылады. Бұл туралы ІІМ ҚАЖК басқармасының бастығы Бибігүл Мұңайтпасова мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ІІМ брифингі барысында Бибігүл Мұңайтпасова биыл түзеу жүйесінің 29 мекемесіне камера орнату үшін 3 миллиард 704 мың теңге жұмсау жоспарланып отырғанын айтты. 2023 жылға дейін барлық колонияны бейнебақылау камерасымен жабдықтау жоспарланып отыр.
«Бұл сома бейнекамераларға ғана емес, басқа элементтерге де бөлінді: бейнетіркеуіш, басқару серверлері. Сонымен қатар, қызметкерлерге арналған бейнетіркегіштер», деді ҚАЖ басқармасының бастығы Бибігүл Мұңайтпасова.
2020 жылы сотталғандар «азапталғаны туралы» 126 факт тіркелген. Нәтижесінде сотқа бір ғана іс келіп, ҚАЖ қызметкері сотталған.
