Аймақтар
1 мин оқу 532
Алматы облысында инкассатор көлігі аударылып кетті
<p style="text-align: justify;">Алматы облысында инкассаторлық автокөлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алматы облыстық полиция департаменті 12 шілдеде сағат 16:50 шамасында Алматы-Талғар автожолының 13 шақырымында «ГАЗ-2705» маркалы инкассаторлық көліктің 35 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай қалғанын түсіндірді.
«Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөлік механикалық зақым алды. Жүргізуші мен жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 35 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды», деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
