Қоғам
1 мин оқу 550

Киік мүйізін сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

<p style="text-align: justify;" align="justify">ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті мен Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті киік мүйізін заңсыз өндіру және шетелге сатумен айналысатын қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы&nbsp;ҚР&nbsp;ҰҚК&nbsp;баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Операция барысында жалпы салмағы 700 килограмм болатын 3144 киік мүйізі тәркіленді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 339-бабының 2-бөлігі, нақты айтқанда «киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру, өзге де қатысушыларды анықтау жөнінде жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Айта кетейік, браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына айтарлықтай зиян келтірілді. Қазіргі уақытта олардың саны шамамен 800 мың басты құрайды.

Бөлісу:
Киік мүйізін сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды · Egemen Qazaqstan