Әлем
1 мин оқу 170
Филиппинде бір күнде 185 вулкандық жер сілкінісі тіркелді
<p style="text-align: justify;">Маниланың оңтүстігіндегі Таал жанартауында 185 вулкандық жер сілкінісi тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТРТ сайтына сілтеме жасап.</p>
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда Филиппин вулканология және сейсмология институты соңғы тәулікте 185 вулканикалық жер сілкінісі болғанын, төтенше жағдай сигналдық деңгейінің 3-шi сатыдан аспағанын мәлiмдеді.
Таал жанартауында 1 шілде күнгi қозғалыстан кейін дабыл деңгейі 3-ке дейін көтеріліп, мыңдаған адамды аймақтан эвакуациялау басталған болатын.
Бөлісу:
