Өнер
1 мин оқу 541

Леонардо да Винчи картинасы £8,9 миллионға сатылды

<p style="text-align: justify;">Christie&rsquo;s аукционында Леонардо да Винчи салған аю басының нобайы сатылды. Оны 8,9 миллион фунтқа (шамамен 12,3 млн АҚШ доллары) сатып алды. Айта кетейік, бұл &ndash; итальян суретшісінің туындысы үшін рекордты қаржы.</p>

Леонардо да Винчи картинасы £8,9 миллионға сатылды

«Сурет – Леонардо да Винчидің сызбашы ретіндегі шеберлігінің керемет дәлелі», делінген аукцион үйінің Twitter-дегі хабарламасында.
Нобай – қызғылт-ақ­шыл сары қа­ғазға кү­міс қарындашпен са­лынған 7x7 см өл­шем­ді сурет. Ол 1480 жыл­дардың бірінші жартысында салынған. Бұл – суретшінің қол­таң­басы бар бірнеше туын­дыларының бірі.
Сатып алушының есі­мі жария­ланған жоқ. Ал бұдан бұрынғы рекорд Леонардо Да Винчидің «Жылқы мен салт ат­ты» туындысы үшін ор­натылған еді. Оның құ­ны £8,1 миллионға ба­ға-­­
ланды.

Бөлісу:
Леонардо да Винчи картинасы £8,9 миллионға сатылды · Egemen Qazaqstan