Коронавирус
1 мин оқу 350

Атырауда 55 науқас реанимацияда жатыр

<p style="text-align: justify;">Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған 55 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бүгінгі күні инфекциялық стационарда 824 адам ем қабылдап жатқанын хабарлады.

2428 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационар қазір 33,9%-ға толтырылған. Ал 180 орынға есептелген реанимация бөлімшесінде 55 пациент бар.

«Алты науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Олардың толымдылығы 50,9%-ға жетті», деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, эпидемиялогиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Атырау облысы «қызыл» аймақта орналасқан.

Бөлісу:
Атырауда 55 науқас реанимацияда жатыр · Egemen Qazaqstan