Аймақтар
2 мин оқу 300

Жол сапасы жақсарса...

<p style="text-align: justify;">Биыл жыл соңына дейін Ақтөбе мен Атырау облыстарын байланыстыратын республикалық маңызы бар &laquo;Қандыағаш &ndash;Мақат&raquo; автомобиль жолын реконструкциялауды аяқтау жоспарланып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған жол өткен ғасырдың 60-жылдарында салынған. Елу жылдан аса мерзімнен бері мұнда тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондықтан соңғы уақытта автокөлік жүргізушілері тас жол бойындағы ауыл арасындағы жолдармен жүруге мәжбүр болды.</p>

Жол сапасы жақсарса...

«Реконструкция жоба­сы ­жал­пы ұзындығы 304 шақы­рымдық жеті учаскені, сондай-ақ темір жол арқылы 11 көпір мен екі жол өткелін салуды қам­тиды. Бұл жұмыс басталғанға де­йін Қандыағаштан Мақат ауы­лына дейінгі жол уақыты кем дегенде 11-12 сағатты, ал Аты­рау қаласына дейін 14 са­ғатты құраған еді. Жаңғырту жұ­­мыстары аяқталғаннан ке­йін Қандыағаштан Мақатқа де­йінгі жүру уақыты шамамен 4 сағатты, ал Атырауға дейін 6 сағатты құ­райтын болады», деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Жол құрылысының бас мер­дігерлері – «Тодини», «Шанхай Констракшн», «Аккорд» БК/«Ақ жол құрылыс» және «Ант Ин­шаат» компаниялары. Биыл бұл компаниялар 1 353 мың тонна асфальтбетон төсеуі қажет. Бүгінге дейін оның 1 008 мың тон­насы төселді.

«Жобаны іске асыруға шамамен 1000 адам мен 680-нен аса техника жұмылдырылған. Бұдан бөлек жоба аясында Атырау облысы Мақат ауданының Дос­сор ауылына айналма жол салы­нуда. Бұл Доссор кентінің тұр­ғындары үшін қауіпсіздігін қам­тамасыз етеді. Аталған жобаны іске асыру жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын да­мытуға, демалыс орындарын ұйымдастыру арқылы жергілік­ті тұрғындардың кәсіпкерлік қыз­­метке бет бұруына оң ық­пал етеді», деп хабарлады ми­нис­трліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ «Ақтөбе-Атырау-
Ресей Феде­рациясы шекарасы» бағытындағы автомобиль жо­лының Атырау облысы аума­ғындағы бөлігін жөндеу жұ­мысы да атқарылып жатыр. Об­лыс әкімі Махамбет Дос­мұ­хам­бетовтің мәліметінше, биыл жалпы ұзындығы 277 ша­қы­рым­ды құрайтын жолдың 60 ша­қы­рымын жөндеуді аяқтау жос­парланып отыр. Қазір оның 20 шақырымы пайдалануға берілді. Ал қалған 40 шақырымдық жолды жөндеу қарқын алды.

«Қазавтожол» АҚ ұлттық ком­­­паниясы тапсырыс берген мер­дігер мекемелерде 226 адам тұрақты жұмыспен қам­ты­­лып, 78 арнайы техника жұ­­мыл­дырылған. Сондай-ақ 217 ша­­қ­ырымдық учаскеде жол­­дың негізгі қабатын орна­лас­тыру, коммуникация же­лі­лерін ауыс­тырумен қатар, 25 су өткізетін құбыр төсеу жүр­гізілуде. Бел­гіленген аумақтағы жұмысты ат­қаруға 183 арнайы техника мен 367 адам тартылған. Бұған қоса жолдың сапасын анықтайтын зертханалар жұмыс істеуде.

– Мемлекет басшысы ав­токөлік жолдарын жаңғыртуға, әсі­ресе, сапасына баса мән бе­ріп отыр. Әкімдік тарапынан маңызды жобаны жүзеге асыру үшін жан-жақты қолдау көр­сетіледі. Сондықтан жауап­ты мердігер мекемелерге жол құ­рылысының заманауи талап­тарға сай әрі сапалы болуына, қауіпсіздік мәселесіне назар ауда­рып, жөндеу жұмысын бел­гіленген мерзімде аяқтауы тиіс, – дейді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Жобаға сәйкес, аталған жол 6 жолақты болады. Жол жөндеу жұмыстары 2022 жылдың со­ңы­на дейін аяқталады.

Атырау облысы

Бөлісу: