Әлем
1 мин оқу 100
ДДСҰ: Әлем коронавирустың үшінші толқыны алдында тұр
<p style="text-align: justify;">Адамзат коронавирустың үшінші толқыны алдында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы осындай <a href="https://www.who.int/">мәлімдеме</a> жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.</p>
Оның айтуынша, қазір әлемде вирус жұқтыру деректері мен өлім-жітім көрсеткіші қайтадан арта бастаған.
«Бұл «Дельта» штамының кесірі», дейді Тедрос Гебрейесус.
Сонымен қатар бұған азаматтардың жүріс-тұрысының көбеюі мен вакцинаға қолжеткізу теңсіздігі де түрткі болған көрінеді. Өйткені әлі күнге дейін ковидке қарсы дәріге қолжеткізе алмай отырған мемлекеттер көп екен.
Бөлісу:
