Аймақтар
1 мин оқу 170
Павлодарда шеберханадағы оқыс оқиғадан ер адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға Жібек жолы көшесіндегі шиномонтаж шеберханаларының бірінде болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.</p>
– 16 шілде күні сағат 13:00-де жүк автокөлігінің дөңгелегін ауыстыру кезінде шина жарылған. 38 жастағы қызметкер алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды, – дейді облыстық Полиция департаменті.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігіне сәйкес, «абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:
