Триатлоннан ересектер арасындағы ел чемпионаты өтпейтін болды
<p style="text-align: justify;">Триатлоннан Павлодар қаласында өтуі тиіс Қазақстан біріншілігі кейінге қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап <a href="https://olympic.kz/kk/article/21626">Olympic.kz</a> сайты жазды.</p>
Ел чемпионатының өткізілмеуіне басты себеп – Павлодар облысындағы карантиндік шектеулердің күшейтілуі. Шектеулерге байланысты аймақта спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.
Осылайша, 2021 жылғы жарыс кестесіне бірқатар өзгеріс енді. 24 шілдеде Павлодарда өтеді деп жоспарланған ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі ұйымдастырылмайды.
Сондай-ақ 7 тамыздағы жастар ойыны Қарағанды облысындағы Сарань қаласына ауыстырылды.
