Аймақтар
2 мин оқу 480

Жамбыл облысы сайлау науқанына дайын

Жамбыл облысы биыл болатын ауылдық округ әкімдерін сайлау науқанына тоқсан пайыз дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысы сайлау науқанына дайын

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің айтуынша, облыс бойынша 38 ауылдық округтегі 93 елді мекенде 89 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істейді. Ал, ондағы саяси шараларға ат салысатын азаматтар саны да нақтыланған. Бүгінде олар қызу жұмысқа кірісіп кетті. Сонымен қатар комиссия төрағасы барлық учаскелік сайлау комиссияларында арнайы оқудан өткен 625 адам жұмыс істеуде екенін, ал өңірдегі 10 ауданның орталығында 70 адам жұмылғанын айтып өтті.

«Дайындық деңгейіміз жоғары. Бүгінде учаскелік сайлау комиссияларының сайлау күніне дайындығы 90 пайызды құрап отыр. Уәкілетті органдар кездесулердің кестесін жасады. Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде 71 үй-жай белгіледі. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссияларымен бiрлесiп, барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн 96 орынды анықтады. Оларды аудандық газеттер беттерінде хабардар етіп, аудандық әкімдердің интернет-беттерінде орналастырды», дейді Серғали Айдапкелов.

Айта кетейік, сайлау процесі басталғаннан бері облыстағы ауылдық округ әкімдеріне жалпы саны 122 кандидат ұсынылған. Аудандық сайлау комиссиялары 14 шілдеде 116 кандидатты тіркеген. Ал, 4 кандидат түрлі себептермен тіркеуден бас тартқан. Оның ішінде 2 кандидат өз кандидатураларын қайтарып алу туралы өтініш берді. Ал, 2 үміткерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған. Сондай-ақ жалпы тіркелген 116 кандидаттың ішінде 24 әйел азаматтар да бар.

Бөлісу:
Жамбыл облысы сайлау науқанына дайын · Egemen Qazaqstan