Өскеменде есірткіге масайған жүргізуші ұсталды
<p style="text-align: justify;">Өскеменде жүргізуші есірткіге мас болып, көлік айдаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://polisia.kz/ru/voditelya-v-narkoticheskom-op-yanenii-zaderzhali-v-ust-kamenogorske/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz.</a> сайтына сілтеме жасап. </p>
Өскемен қаласының полиция қызметкерлері тексеру барысында 27 жастағы жүргізушінің басқаруымен ВАЗ-21124 автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, ер адам каннабиоидты есірткіге мас болған.
Факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі «есірткіден масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол жеті жыл мерзіміне көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Сондай-ақ жүргізушіге қатысты әкімшілік іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
