Экономика
1 мин оқу 270

ЕАЭО елдері кредит тарихын алмасуды қарастырып жатыр

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихына енгізілген ақпаратпен алмасу тәртібі туралы Келісімнің жобасын дайындады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Келісім мақсаты – қаржы нарығында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету. Кредиттік тәуекелдерді барынша азайту, тұтынушылардың және қызмет көрсетушілердің құқығы мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ  Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ қаржы нарығын қалыптастыру.

Келісім мақұлданған жағдайда, Одақ өзі ішінде мынадай мәліметтерді алмаса алады:

- кредит тарихы субъектісінің келісімін немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымына кредиттік есепті беру туралы сұрау салу жіберілетін осындай келісімнің барлығы туралы ақпаратты;

- кредиттік есепті;

- кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді даулауға қатысты құжаттар.

Егер осы тақырыпта жіберліген сұраныс Одаққа кіретін елдердің заңнамасын бұзбаса, талап етілген ақпарат 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ құрамында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресей кіреді.

Бүгінде Келісім Ашық НҚА жүйесінде талдауға шығарылған.

Бөлісу:
ЕАЭО елдері кредит тарихын алмасуды қарастырып жатыр · Egemen Qazaqstan