Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Маңғыстауда кәсіпкер мемлекетке 29 млн.теңге шығын келтірді

10 01-nalogМаңғыстау облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері салықтан  жалтарған кәсіпкердің қитұрқылық әрекетін әшкереледі. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Жергілікті жердегі серіктестік Иран Ислам  Республикасынан  халық тұтынатын өнімдерді бір жыл бойы елге заңсыз кіргізіпті. Нақты айтқанда, жеміс-жидектердің  бағалық ақпараттық құнын әдейі төмендетіп көрсетіп, салықтың белгілі бір мөлшерін төлеуден жалтарған. Соның салдарынан мемлекетке 29 млн. теңге  шығын келді. 

«Салықтан жалтарған кәсіпкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондықтан бұл іс туралы деректі қосымша хабарлаймыз»,-дейді облыстық кедендік бақылау департаментінің контрабандалық қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Өмірсерік Тәжімағанбетов.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы

Фото: Tengrinews.kz.

Бөлісу:
Маңғыстауда кәсіпкер мемлекетке 29 млн.теңге шығын келтірді · Egemen Qazaqstan