Әлем
1 мин оқу 460
Эквадорда екі түрмедегі бүліктен 21 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Эквадордағы екі түрмедегі тәртіпсіздіктен 21 қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Үш полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="http://www.xinhuanet.com/english/2021-07/23/c_1310078469.htm" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Синьхуа</a> агенттігіне сілтеме жасап. </p>
Тәртіп сақшылары арнайы жасақтың қолдауымен Гуаяс пен Котопакси провинцияларындағы екі түрмеде бақылауды бірнеше сағаттан кейін ғана қалпына келтірген.
Оқиға кезінде түрмеден қашқан 61 тұтқын қайта қамалды. Қашып кеткендер де бар.
Бөлісу:
