Аймақтар
1 мин оқу 310
Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті
<p style="text-align: justify;">Құрманғазы ауданының орталығында екі қабатты дүкен өртке оранды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 16:40-та тұтанған.
«Жалынды сөндіруге 30 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды. Дүкеннің 800 шаршы метр аумағын шарпыған өрт сағат 18:10-да сөндірілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
