Қазгидромет: Бес облыста дауылды ескерту жариялады
<p style="text-align: justify;">27 шілдеде Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.</p>
Қарағанды облысында солтүстік жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Кейбір жерлерде жоғары өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында кей жерлерде 35 градус қатты ыстық болады. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі бар.
Алматы облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз ыстық 35 градусқа дейін жетеді.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, шаңды дауыл соғады. Өрт қаупі өте жоғары.
Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
