Қазақстан
1 мин оқу 296
Коронавирус пен пневмониядан 110 адам қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Елімізде коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 110 адам қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
25 шілдеде қайтыс болғандардың 110 адамның 86-да коронавирус зертханалық жолмен анықталса, 24-де КВИ симптомдары болмаған.
27 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустан 87 094 адам емделіп жатыр (85 163 КВИ+ және 1 931 КВИ-). Олардың 24 328-і ауруханада жатса, 62 766 науқас үй жағдайында емделуде.
КВИ+ және КВИ- науқастардың ішінде:
- 1 461 науқастың жағдайы ауыр
- 306 науқас аса ауыр халде жатыр
- 182 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.
Бөлісу:
