Қытайда өрмекшінің жаңа түрлері табылды
<p style="text-align: justify;">Қытайдың оңтүстік-батысындағы қорықта өрмекшілердің 10 жаңа түрі және бұрын ғылымда кездеспеген өсімдіктердің бір түрі табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Синьхуа агенттігіне <a href="http://www.xinhuanet.com/english/2021-07/27/c_1310089833.htm">сілтеме</a> жасап.</p>
Бұл жаңалық 2018 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Фанджигшан тауы аймағында анықталған.
Зерттеушілер сонымен қатар осы аймақта бұрын белгісіз болған 144 тірі тіршілік иелерін тапты. «Осылайша осында тіршілік ететін түрлердің жалпы саны 7152-ден 7307-ге дейін өсті», дейді Синьхуа агенттігі.
Фанджигшан тауы өзінің топографиясы мен биоалуантүрлілігінің арқасында ЮНЕСКО тізіміне енгізілген.
