Бір жыл ішінде нан бағасы 6%-ға қымбаттады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісінде құлдырау байқалады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/proizvodstvo-hleba-padaet-ceny-rastut-za-god-hleb-podorozhal-srazu-na-6" target="_blank" rel="noopener noreferrer">energyprom.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>
Елімізде нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісінің көлемі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 111 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға аз.
Өндірістің ең көп құлдырауы жаңа піскен нан бойынша - 21,3%-ға, 266,6 мың тоннаға дейін байқалды.
Сондай-ақ, макарон, кеспе және т.б. ұн өнімдерін шығару 17,9%-ға, 75,6 мың тоннаға дейін азайды. Қысқа мерзімде сақталатын тәтті тоқаштар мен кондитерлік өнімдер өндірісі 17,7%-ға, 13,9 мың тоннаға дейін қысқарды.
Тек кептірілген нан мен печенье, кондитерлік өнімдер мен ұзақ сақталатын тәтті тоқаштар шығару өндірісі - 0,8%-ға, 56,5 мың тоннаға дейін болмашы өсімді көрсетті.
Бұл ретте нан бағасы бір жылда бірден 5,9%-ға өсті. Бидай наны 9,2%-ға, макарон өнімдері 10,3%-ға, оның ішінде 11,6%-ға - кеспе қымбаттады. Нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 8,2%-ға қымбаттады.
