Оқиға
1 мин оқу 280

Павлодар ауданында бір отар қойды ұрлаған адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аудандық полиция бөліміне шаруа қожалығының басшысы жүгініп, белгісіз біреуШақат ауылы маңындағы дала алқабынан өзіне тиесілі 107 бас қой ұрлағанын айтқан. Иесіне келтірілген залал 8 000 000 теңгеден астам соманы құрайды.

- Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Шарбақты ауданының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қойларды бақылаусыз бағып отырған сәтті пайдаланып, еркін жайылымнан 107 бас ұрлады деген күдікке алынды, - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров. 

Полиция мал иелерінің ұқыпсыз қарым-қатынасы көбінесе қайғылы салдарға әкелетінін айтады. Өйткені мал көбінесе қаскүнемдердің қылмыстық әрекетінің объектісіне айналып, жол-көлік оқиғаларына себеп болады. 

Бөлісу: