Ақтауда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар ұсталды
<p style="text-align: justify;">Жақында Ақтау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне «LOTO-CLUB» букмекерлік кеңсесіне белгісіз екі адамның қарақшылық шабуыл жасағандығы жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.</p> <p style="text-align: justify;"> </p>
Олар күзетші мен касса қызметкерін пышақпен қорқытып, кассадан 1 150 000 теңге ақша қаражатын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады.
Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмеді.
