Қазақстан
1 мин оқу 366
Алдағы күндері 43 градусқа дейін аптап ыстық болады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Иран аймақтарынан келген ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аудандарын қамтиды. Бұл өңірлерде қатты ыстық сақталады. Ауа температурасы - 35-40, кей жерлерде 43°С дейін жетеді.
Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 23-33°C болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Бөлісу:
