Әлем
1 мин оқу 950

Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді

<p style="text-align: justify;">Қырғызстанның бұрынғы Президенті Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Sputnik Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі экс-президенттің туған жерге жеткізілгені туралы ақпаратты растағанын жазды.

– ҰҚК қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2 тамызда бұрынғы Президент Асқар Ақаев Бішкекке жеткізіліп, бірден ведомствоаралық тергеу тобына тапсырылды, – делінген хабарламада.

Асқар Ақаев 1991-2005 жылдары Қырғызстан Президенті болды. Ол елде митингілер басталғанда қызметінен кетті. 2005 жылдан бастап Ресейде тұрады.

2021 жылдың шілдесінде Асқар Ақаев пен Қырғызстанның тағы бір экс-Президенті Құрманбек Бакиевке «Құмтөр» алтын кенішін игеруде сыбайлас жемқорлыққа байланысты іздеу жарияланғандығы белгілі болды.

Бөлісу:
Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді · Egemen Qazaqstan