Коронавирус
1 мин оқу 1,181

А.Цой тамыз-қыркүйек айларындағы эпидахуалға болжам жасады

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтің кезекті отырысында еліміздегі эпиджағдай туралы баяндады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Министрдің айтуынша, ауруханаларындағы төсек-орын 56 пайызға толып тұр.

«Эпидахуалды бақылау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері «қызыл» аймақта. 3 тамыздағы жағдай бойынша, ауруханалардағы төсек-орынның 56 пайызға толып тұр. Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды облыстары «қызыл-қоңыр» аймақта тұр», деді Цой Үкімет отырысында.

Министр Қазақстан бұған дейін жасалған болжам бойынша оптимистік сценариймен келе жатқанын атап өтті. 

«Тамыз-қыркүйек айларындағы эпидахуалға болжам жасайтын болсақ, біз оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз. Оптимистік сценарийдің алдағы дамуы карантин режимін сақтап, вакцинация қарқынын көбейтумен байланысты болады», деді министр.

Бөлісу:
А.Цой тамыз-қыркүйек айларындағы эпидахуалға болжам жасады · Egemen Qazaqstan