Жерорта теңізінде 26 мигрант құтқарылды
<p style="text-align: justify;">Жерорта теңізінде суға батып бара жатқан қайықтан 26 мигрант құтқарылды. Операцияны Германияның «Си Уотч» деп аталатын қайырымдылық ұйымы жүргізген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.</p> <p> </p>
Осылайша өткен аптадан бері еріктілер 450-ге жуық босқынның өмірін сақтап қалған. Тағы ондаған келімсек Италияның Сардиния аралына көмексіз, өз күшімен жүзіп жеткен. Босқындар арасында Ауғанстан, Ирак және Иран азаматтары бар. Сондай-ақ кірмелер мінген бірнеше қайық Италияның екінші бір аралы Лампедузаға беттеген. Италиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мигрант жүкті әйел тура жағаға жеткенде босанған.
