Павлодарда 200-ден астам жалған вакцина паспорты тәркіленді
<p style="text-align: justify;">Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының полиция қызметкерлері 200-ден астам жалған вакцина паспортын тәркіледі, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://polisia.kz/pavlodarlyq-politsejler-200-den-astam-zhalghan-vaktsinatsiya-pasporttaryn-tarkiledi/">Polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Павлодар қаласы емханаларының бірінде төрт медицина қызметкері электрондық базаға жалған мәліметтер енгізу арқылы вакцина паспортын қолдан жасағаны анықталды. Іс-шара барысында 200-ден астам жалған паспорт тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың ұялы телефоны алынды, сондай-ақ жұмыс орнында тінту жүргізілді. Нәтижесінде техникалар мен құжаттамалар тәркіленіп, тиісті сараптама тағайындалды.
«Қазіргі уақытта Павлодар облысының Полиция департаменті COVID-19 вакцинациясының жалған паспортын сатып алған және одан әрі пайдаланған адамдарды анықтап жатыр. Оларға қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, ҚР Қылмыстық кодексі 385-бабының 3-бөлімі бойынша жалған құжатты пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылады», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
