Әлем
1 мин оқу 195

Пентагон маңында атыстан бір полицей қаза тапты

<p style="text-align: justify;">АҚШ-та Пентагон ғимаратының маңында атыс болып, салдарынан бір полицей қаза тапты деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі мәлімдеді.

Күштік құрылымдар қазір маңайды қоршауға алып, метроға кірер жолдарды жапты.

Дереккөздің хабарлауынша, атыс кезінде офицер ауыр жараланып, оқиға орнында көз жұмған.

Атыс сыртта автобус аялдамасына жақын маңда болған, мұнан кейін нысанға кірер есіктің бәрі түгел жабылған.

Ал, РИА Новости тілшілерінің хабарлауынша, полиция офицері атыс салдарынан емес, пышақ жарақатынан қаза тапқан көрінеді.

Бөлісу:
Пентагон маңында атыстан бір полицей қаза тапты · Egemen Qazaqstan