Аймақтар
1 мин оқу 470

Шекарашылар заңсыздықтың алдын алды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері &laquo;Іле Алатау&raquo; мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен бірге Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоған елді мекенінің тұрғынын ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/236934?lang=kk" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>

1980 жылы туылған азаматтан жалпы салмағы шамамен 150 кг болатын «Қызыл кітапқа» енген өсімдік салынған төрт қап табылды.

Заттай дәлелдемелер одан әрі тергеу және процедуралық шешімдер қабылдау үшін уәкілетті органдарға берілді.

Бұған дейін 8 шілдеде шекарашылар жалпы салмағы шамамен 300 және 150 кг болатын «Қызыл кітапқа» енген Макротомия өсімдігін заңсыз жинаудың екі оқиғасының алдын алды.

Бөлісу: