Коронавирус
1 мин оқу 830

15 тамызға дейін қандай ұйымдар вакцина алуға міндетті?

<p style="text-align: justify;">ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сай, бірқатар мекеме қызметкерлері 15 тамызға дейін КВИ вакцинасының бірінші компонентін, 1 қыркүйекке дейін екінші компонентін алуы керек, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Вакцина алуға міндеттелген ұйымдар арасында халыққа қызмет көрсету нысандары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өндіріс, құрылыс нысандары, көтерме және бөлшек сауда, мәдениет және демалыс, жолаушылар тасымалдайтын ұйымдар, қоғамдық тамақтану нысандары, санаторий-курорттық және сауықтыру орындары, денсаулық сақтау, бос уақытты өткізу және т.б. мекемелер бар.

Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-бен ауырып жазылғандар екпеден босатылады.

Ал вакцина алмаған немесе жеті күн сайын ПТР-тест тапсырмаған қызметкерді жұмысқа жіберген ұйымға айыппұл салу қарастырылған. 

Бөлісу:
15 тамызға дейін қандай ұйымдар вакцина алуға міндетті? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар