Коронавирус • 03 Тамыз, 2021

Қызметкерлері вакцина алмаған мекемеге қандай жаза қолданылады?

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты, деп жазады Egemen.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қызметкерлері вакцина алмаған мекемеге қандай жаза қолданылады?

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына бағынбай, вакцина алмаған қызметкерлерге немесе әр жеті күн сайын ПТР тестілеуінен өтпегендерге жұмысқа келуге рұқсат берген басшылар айыппұл төлейді.

Оның мөлшері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462 немесе 425-бабында бекітілген:

Жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл қарастырылған.